Перейти к содержимому
Главная страница » Новости » Протокол коллективного собрания Алакольского филиала

Протокол коллективного собрания Алакольского филиала

» Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ Алакөл филиалының

» Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбында өткізілген ұжым жиналысының

Хаттамасы

2023 жылғы 25сәуір                                                                              Қабанбай ауылы

Жиналыс төрағасы: А.Сейсембеков – филиал директоры

Баяндамашы: Г.Ш.Садыкова– филиал директоры орынбасары

Жиналысқа қатысқандар: —11 адамфилиал қызметкерлері

Күн тәртібінде:

» Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбы туралы

Филиал директоры орынбасары — Г.Садыкова: қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, қызметкерлердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

        ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту керек.

Біздің алдыға қойған талабымызбен мақсатымыз, ол сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу алдын алу және болдырмау.Сыбайлас жемқорлық ол мемлекеттің,өзің қызмет атқарып отырған мекеменің  қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық.         

 Бұл — індет біріншіден адамгершілік ар алдында , екіншіден халық алдында, үшіншіден өзі тәрбиелеп өсіретін жас ұрпақ болашақ алдында барша адамзат баласына жат қасиет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ міндет екені айтып өткім келді және жемқорлықтың алдын алу барысындағы қолданылатын баптар туралы түсіндіріп өте кетейін. ҚР қылмыстық кодексінің  қызметтік өкілеттіктерінің теріс пайдалану, 228 бап өкілеттіктерді теріс пайдалану, 311 бап пара алу,231 бап комерциялық сатып алу, немсесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану т.б. с.с.

Қортындысы; Барлық қызметкерлер толықтай « Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ «тақырыбы бойынша толық мәлімет алды.

Жиналыс төрағасы:                                      А.Сейсембеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *