Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 27-5/287 бұйрығына сәйкес «2022 жылдың жаңа жыл қарсаңында жас қылқан жапырақты ағаш түрлерін қорғауды күшейту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып жаңа жылдық шыршаларды сақтау мақсатында ұлттық парктің Табиғи қорық қорын қорғау бөлімінің қызметкерлері күзету аймағында көршілес елді мекендер арасында орман заңнамаларын қатаң сақталуын туралы әңгіме сұхбат жүргізіп, Сарқан филиалы орманшылықтарында басты барар жолдардағы бекеттеріне тексеру іс-шаралары өткізді. Тексеру барысында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден, сонда ақ басқа да табиғатты қорғау заңнамалары орын алған жоқ.