Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Ғ. Тұрғамбаевтың төрағалығымен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғимаратында ағымдағы жылдың 16 қарашасында табиғат қорғау мекемелерінің 10 айда атқарған жұмыстары бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты, Казавиаорманқорғау РМҚК, орман орналастыру мекемесі қатысты.
@ile_alatau_nationalpark