Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Сиверс алмасының орман алқаптарын қорғауды күшейту

Сиверс алмасының орман алқаптарын қорғауды күшейту

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сиверс алмасына қатысты» 25.07.2024 ж. №27-2-17/1701-И хатына сәйкес «Жоңғар-Алатауы МҰТП» бойынша «Сиверс алмасының жабайы жемісті орман алқаптарын қорғауды күшейту туралы» бұйрық шығарылып, Сиверс алмасының жабайы жемісті орман алқабын (генетикалық резерваттар мен тұрақты орман тұқым учаскелерін қоса алғанда) қорғау, күзет шаралары күшейтілді:
1) заңсыз кіру мүмкіндіктерін болдырмау үшін, оларға барар жолдарда шлагбаумдар мен ескерту аншлагтарын қосымша орнату тапсырылды;
2) келушілерге (жеке және заңды тұлғалар, т.б.) ұлттық парк басшылығының келісімінсіз жабайы жемісті ормандар аймағына кіруіне тыйым салынды;

3) өзге ғылыми ұйымдардың Сиверс алмасына қатысты зерттеулер жүргізуіне Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсатынсыз тыйым салынды;
4) ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындау кезінде Сиверс алма ағашын әртүрлі қажеттіліктер үшін жеке мақсатта пайдалануға, оның бөліктері мен дериваттарын жинау мен әкетуге жол берілмеуі қатаң қадағалануы тапсырылды.
Жергілікті тұрғындар, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен келушілер арасында жабайы жемісті Сиверс алма ағашының мәртебесі және табиғат қорғау заңнамасы бұзылған жағдайда қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндіру жұмыстары мен сұхбаттар тұрақты түрде жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған