2023 жылдың 6 мамыр күні «Жоңғар Алатауы» МҰТП, Жетісу облыстық туризм басқармасы мен Сарқан ауданының әкімдігі бірлесіп «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль өткізді, оған 1500 -ге жуық адам қатысты. Фестиваль Сарқан ауданы, Тополевка ауылында өтті. Фестивальге «Жоңғар Алатауы» МҰТП, VIZIT ZHETYSU, Сарқан аудандық, ауылдық әкімдіктері мен Сарқан қаласының мекемелері мен «Іле Алатау», «Алтын – Емел» МҰТП қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар фестивальге құрметті қонақтар:
Кәрібаева Құралай Нұқақызы, Сайлаубай Тойлыбаев және Қабдолда Батима Әскербекқызы, Абаева Құрмангүл, Әкімғали Жұмалдинов, Оразымбетова Бакыт Камаловна, Ситпаева Гульнара Токберген, Ященко Роман Васильевич, Огарь Наталья Петровна, Куатпаев Азат Куангалиевич, сонымен қатар отандық эстрада жұлдыздары, әнші, – Kalifarniya, Qanay арнайы шақырылды.
Фестиваль барысында әр түрлі іс-шаралар өткізілді:
– іс-шараға қатысқан мекемелер, оның ішінде экологиялық туризмді дамыту барысында ұйымдастырылған көрме;
– отандық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт;
– спорттық ойындар;
– ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы;
– ұлттық парк аумағында «Сиверс алма ағашы» өсетін жерлерге, Сиверс алма ағашының жаппай гүлденуін тамашалау мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.
«Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестивальді өткізудегі басты мақсаты:
Сиверс алмасы бүкіләлемдік маңызы бар жабайы жеміс ретінде Халықаралық Қызыл кітапқа және санының азаюына орай Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Жабайы жемісті ормандардың бірегей әртүрлілігін сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін ерекше қорғауды талап ету.
Әлемдік маңызы бар бірегей гендік қордың көзі болып табылатын жабайы жеміс орман алқаптарын сақтайық!