2023 жылдың 30 наурызында Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми техникалық кеңесі өткізілді
Күн тәртібінде:
1. «Жоңғар Алатауы» МҰТП флорасына түгендеу жүргізу және сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар өсімдік түрлері популяциясының жағдайын зерттеу» ғылыми зерттеу тақырыбының аралық-жылдық есебі
2. «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы» ғылыми зерттеу тақырыбының аралық-жылдық есебі
3. «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағында таралған жәндіктердің түгенделуі
4. «Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы Тянь-Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны аралық-жылдық есебі
5. «Жоңғар Алатауы» МҰТП «Көкжота шатқалы», «Ақ көл», » Тас тау» маршруттарының паспорттарын қарастыру
6. 2022-26 жылдарға басқару жоспарындағы N4 «Ұлттық парк аумағында және оған іргелес аумақтарда өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» басқару бағдарламасында қарастырылған 2023 жылға Киікбай орманшы үйінің демонтаж мәселесін қарастыру
7. 2022 жылы парк аумағында басқа ғылыми мекемелермен ( Ботаника және фитоинтродукция институты, Топырақтану және агрохимия ғылыми- зерттеу институты) жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының есептерін баяндау.
🖋️Ғылым бөлімі