14 наурыз – халықаралық өзендер күні. Бұл атаулы күн «Халықаралық өзендер желісі» америкалық қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша экологиялық маңызы бар даталар күнтізбесіне енгізілді. Ал өзен-көлдердің биологиялық алуантүрлілігін сақтау конвенциясы – табиғи ресурстарды орнымен пайдалануды қамтамасыз ететін алғашқы құқықтық құжат.
1993 жылы күшіне енген келісімге 160-тан астам мемлекет қол қойған. Өзендерді, су қоймаларын таза ұстау адамзат баласының басты міндеттерінің бірі.
Су – өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар, адамзатқа табиғат сыйлаған ең үлкен байлық және оның әрбір тамшысы – қымбат, өйткені адамның сусыз өмір сүруі мүмкін емес.