«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ – нің «Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің басшысы Т.Ахунов және бөлім мамандары 2023 жылдың 21 – 24 ақпан айы аралығында бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, Лепсі, Алакөл және Сарқан филиалдарының мемлекеттік инспекторларының білім деңгейін арттыру мақсатында оқыту сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында қамтылған тақырыптар: орман шаруашылығы, орманды қорғау және сақтау, орман өсіру, өртке қарсы күрес іс-шаралары, орманды қалпына келтіру жұмыстары және т.б. Сондай-ақ жоғарыда аталған жұмыстарды орындау кезінде техника қауіпсіздігі туралы айтылды.