2023 жылдың 21-22 ақпан аралығында «Жоңғар Алатауы МҰТП» Алакөл және Лепсі филиалдарының аумағында жұмыс жоспарға сәйкес «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм», «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімдері жыл сайынғы мемлекеттік инспекторларды оқыту семинарлық сабақтар өткізді.
🔹Экологиялық ағарту қызметі бойынша: «Ұлттық парктегі экологиялық-ағартушылық қызметтің мақсаттары мен бағыттары», «БАҚ-пен жұмыс» және т.б.;
🔹Туристік-рекреациялық қызметі бойынша: «Табиғат қорғау акциялары»; «Табиғатты қорғау аумағының әкімшілігімен ұсынылатын жалпы пайдалануға арналған туристік қызметтер. Талаптар ҚР СТ ISO 18065-2017»; «Туристік қызметтер. Экологиялық туризм. Жалпы талаптар ҚР СТ 2993-2022»; «Қауіпсіздік ережелері» және т.б.;
🔹Жануарлар дүниесін қорғау бойынша: «Биотехниялық іс-шаралар»; «Жабайы жануарлардың санақ жұмыстарын жүргізу», «Хаттама толтыру»; «Қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және қолдану ережесі»; «Смартты пайдалану» және т.б. тақырыптар қарастырылды.