«Жоңғар-Алатауы» МҰТП-нің Сарқан, Лепсі, Алакөл филиалдарының қызметкерлері мемлекеттік инспекторлардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту сабақтары өткізілді.
Экологиялық ағарту қызметі бойынша: «Ұлттық парктегі экологиялық ағарту қызметінің мақсаттары мен бағыттары», «Жергілікі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістері», «Мектеп орманшылығының негізі міндеттері», «МҰТП аумағындағы табиғатты қорғау акциялары»;
Туристік-рекреациялық қызметі бойынша: «ЕҚТА-ға бару және келушілерді тіркеу ережелері», «Ұлттық парк аумағындағы туристік-рекреациялық қызметтің ерекшеліктері», «Бивак, қарап-көру алаңқайларын, бағыт көрсеткіштерді т.б. демалыс орындарын стандартқа сәйкес абаттандыру»;
Жануарлар дүниесін қорғау бойынша: «ЕҚТА –да әкімшілік құқық бұзушылық ережелері», «Жануарлар әлемін қорғау және күзету» т.б. тақырыптар қарастырылды.