Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Жеңіс күні 

Жеңіс күні 

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс – Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 77 жыл толып отыр. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Айтулы мерекеге орай «Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылығы Сарқан қаласының тұрғыны,соғыс уақытындағы тыл жұмысшысы, осы орман шаруашылығы саласында көп жылдар бойы әр түрлі салада еңбек еткен Кибиткина Екатерина ардагерімізге сый сияпат табысталып, алғыс білдірілді.
«Ұлы Жеңіске – ұрпақтан мың тағзым» атты іс – шарасын басшылыққа ала отырып, Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен ұмытылмас қажыр-қайратының үлгісін көрсеткен соғыстағы Ұлы жеңіс күні мерекесімен барлық соғыс және тыл ардагерлерін құттықтаймыз. Ардагерлерімізге зор денсаулық, сарқылмас қуаныш, ұзақ өмір, немерелері мен шөберелерінің қызығына тоймай, жетістігіне марқайып жүре беріңіз деп жылы лебізінмен ақ тілегімізді арнаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.