Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль өткізілді

«Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль өткізілді

2022 жылы 4 мамырда «Жоңғар-Алатау» МҰТП мен @altynadam7su бірлесіп «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль өткізді, оған 350-ге жуық адам қатысты. Фестиваль Сарқан ауданы, Тополевка ауылында өтті.
Келесі іс-шаралар өткізілді:
1. «Жоңғар Алатауы МҰТП» қолдан жасалған кәдесыйлар жәрмеңкесі;
2. Этнодизайнерлердің этнодефиле көрсетілімі;
3. «Жоңғар Алатауы» МҰТП мектеп орманшылығының оқушылары, Екіаша ауылының мәдениет үйі, @dance_studio_grace би студиясы және т.б. қатысқан концерттік бағдарлама өтті.
Фестивальге қатысқан құрметті қонақтар:
1. Экология және тұрақты даму институтының директоры-Кәрібаева Құралай Нұқақызы
2. Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты-Сайлаубай Тойлыбаев
3. Отандық жұлдыз, әнші, музыкант – Динара Сұлтан @dinara_sultan1
4. Travel – блогер командасы – Елена Кукеле @a.kak.tam.u.nih
5. Президент халықаралық авиабағыттарындағы
5. Көшпенділер өркениеті мұрасы » халықаралық қоғамдық қорының президенті – Батыржан Сейдомир. @ steppedaddy
6. Қазақстандағы эко қозғалыстың көшбасшысы, «Ecofund Tabigat» қоғамдық қорының президенті – Тимур Елеусізов. @ timur_yeleussizov
7. Қазақстан агротуризм қауымдастығының Вице – президенті-Алмас Танғытұлы. @ almas_tangytuly
Сонымен қатар, фестивальді БАҚ-та жариялау үшін телеарналар шақырылды соның ішінде: 24.kz, zhetysutv.kz және Qazaqstan.tv
Концерттік бағдарламадан кейін фестиваль қатысушыларымен бірге 50 дана терек көшеттері отырғызылды.
Дәстүрлі садақ атудан «MergenderOrdasy» шеберлік сыныбы және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің «Алтын адам» «Жетісу сақ» атты көрмесі көрсетілді.
Спорттық іс-шаралар өткізілді: (арқан тарту, гір көтеру және т. б.)
Ұлттық парк аумағында гид-экскурсоводпен «Сиверс алма ағашы» өсетін жерлерге экскурсия ұйымдастырылды, экскурсияға келушілер саны 50 адамды құрады.
Фестиваль соңында «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ мен «Алтын Адам Жетісу» ҚБ арасында меморандум жасалды. Фестивальдің қорытындысы бойынша қатысушыларды ұлттық парктен алғыс хаттармен, грамоталармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.