Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Өрт қауіпсізділігі – өмір қажеттілігі

Өрт қауіпсізділігі – өмір қажеттілігі

Өрт қауіпсізділігі – өмір қажеттілігі.
Көктемнің қарбалас күндерімен жарыса өрт қаупі туындайтын белгілі. Жалпы, жер бетінде өрт тұтатушы факторлар жетерлік. Шоқтың шаласынан, сіріңкенің толық өшпеуінен, шылымның қалдығынан пайда болатын өрттің соңы адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретін апатқа айналып жатады. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Өрттің шығу себептеріне тоқталсақ, олардың біреуі тұрғындардың кінәсінен, ал тоғызы найзағай салдарынан. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367 бабының 3 тармағына сәйкес орманда өрт қауіпсіздігі тараптарын бұзғаны үшін азаматтарға 100 АЕК (306 300теңге) әкімшілікайыппұл салынады. Орман қорғау мемлекеттік мекемесінің жазалайды. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында көктемгі және күзгі кезеңдерде мемлекеттік орман қорына іргелес аумақтардағы шөптерді өртеу және шабу жұмыстары атқарылды. «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі биылғы жылдың өрт қаупі маусымына дайындықтарын алдын алуда. Жалпы өрт қаупі маусымы сәуір айынан қараша айына дейін белгіленген. Осы орайда орман өрттерінің алдын алу мақсатында дайындық кезінде мемлекеттік инспекторларға техникалық сабақтар жүргізіліп, өртке қарсы құрал-жабдықтар жинақталып, жаңартылды. Орман қоры аумағындағы жол жиектерінде өртке қарсы аншлагтар орнатылып, паркке шекаралас елді-мекендермен жеке шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертулер берілді. Көбіне саяхатшыларымыз жақсы, табиғаты сұлу жерлерге барып демалады. Сондықтан әрқайсысы өрт қауіпсіздігін сақтап, сөндірілмеген темекі қалдығын, жағылған сіріңкені тастамай, от алауын өшіріп, отырған орындарын тазалап кетулері керек. Сондықтан Орманды өрттен сақтау және оны келер ұраққа жеткізу еліміздегі әрбір саналы азаматтың адамгершілік борышы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.