Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » ТАБИҒИ ҚОРЫҚ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БӨЛІМІ

ТАБИҒИ ҚОРЫҚ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БӨЛІМІ

ТАБИҒИ ҚОРЫҚ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БӨЛІМІ

Бөлімде 6 маман қызмет атқарады – орман шаруашылығының бас иеженері, орман пайдалану инженері, орманды қорғау және сақтау инженері, орманды қалпына келтіру және молықтыру инженері, орман патологы инженері.

Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы табиғат кешендерінің және табиғи қорық қорының нысандарының сақталуын, көбеюін қамтамасыз етеді, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерінің орындалуын қадағалайды. Өрттің алдын алу, орманды қорғау, молықтыру және ғылыми іс-шараларды жүргізуге қатысады, оның ішінде: табиғи кешендерді зерттеу мен бақылау, тұқым жинау, орман отырғызу және орман патологиялық сараптамасы. Мемлекеттік ұлттық табиғи практің негізгі міндеті – табиғи экожүйені қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, бұзылған табиғи кешендерді қалпына келтіру. Бөлім қызметінің негзігі басымдылығы – табиғи аумақтарды сақтауға, Қазақстанның Қызыл кітабына енген және сирек кездесетін эндемикалық түрлердің мекен ететін жерлерін сақтау, ормандарды өрттен, зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау, сондай-ақ орманды қалпына келтіру іс-шаралары болып табылады. Топырақ жамылғысын қорғау дегеніміз – шөпті шамадан тыс шабудан, таптаудан және қазудан сақтау. Топырақ жамылғысын шарушылықта дұрыс пайдаланылуын бақылаумен қатар, ғылыми және емдік мақсатта қолданылуының ерекшеліктері туралы үгіт насихат жүргізудің де маңызы зор.

Орман шаруашылығының бас иеженері –
Ткачев Николай Ильич

Орман пайдалану инженері –
Абакумова Гулим Берлибековна

Орманды қалпына келтіру және молықтыру инженері –
Арғын Нұргүл

Орманды қорғаудың негізгі мақсаты – ағаштардың өсуіне кедергі болатын, зиян келтіретін орман зиянкестері мен аурулардың жаппай таралуының алдын алу.

Орманды қалпына келтіру жұмыстарының негізгі мақсаты – өртенген, тазартылған және қурап қалған екпелердің орнына, сондай-ақ топырақ эрозиясы басым жерлерге көшеттер отырғызу болып табылады. Таулы аймақтар мен тау етектерінде орманды қалпына келтірудің ең тиімді жолы орман екпелерін отырғызу. Табиғи парк қызметін бастаған жылдан бері жалпы 337,6 га жерге Сиверс алмасы отырғызылған.

«Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Сарқан және Лепсі филиалдарында жалпы аумағы 54 га болатын 2 орман тұқымбағы орналасқан. Орман тұқымбақтарында 20 түрлі ағаш және бұта өсімдіктерінің екпе көшеттері олар: (қотыр қайың, терек, қырым қарағайы, ұсақ жапырақты жөке, сүйір жапырақты үйеңкі, сібір шыршасы, сібір балқарағайы, шаған, емен, кәдімгі арша, сары қараған, ұсақ жапырақты шегіршін, сиверс алмасы, мәдени алма көшеттерінің 4 түрі, жиде, кәдімгі шырша, шренк шыршасы, кәдімгі қарағай, кәдімгі шәңкіш, өсіріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.